Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы өнім көлемі 98,9 млрд теңгеге жетті
- авторСадуақас Айсұлу
- 14 тамыз, 2025
- 532
2025 жылдың қаңтар–маусым айларында облыстың ауыл шаруашылығы саласында 98,9 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі (НКИ) 104,3%-ды құрады. Өңірлердің барлығында өсім тіркелді.
Өсімдік шаруашылығында өнім көлемі 4,6 млрд теңгеге жетіп, НКИ 151,1%-ды көрсетті. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 661,9 мың гектарға орналастырылды, бұл жоспардың 102,9%-ын құрайды (жоспар – 659,9 мың га, 2024 ж. – 626,7 мың га). Оның ішінде дәнді дақылдар – 372 мың га, майлы дақылдар – 40,7 мың га, қант қызылшасы – 5,6 мың га толық көлемде егілді. 21 шілдедегі жағдай бойынша масақты дәнді дақылдардың 193 мың гектары жиналып, бұл егін жинау алаңының 54,4%-ын құрайды. Өнімділік 7,3 центнер/гектар деңгейінде болды (2024 ж. – 19 ц/га).
Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 94,2 млрд теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,1%-ға артты. Сарапшылар мұны мал басының көбеюімен және өнім өндіру тиімділігінің артуымен байланыстырады.





