жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 15 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде

Жамбыл облысында 15 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде
Фото - ашық дереккөз
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

  2025 жылы облыс аумағында жалпы құны 11,1 млрд теңгені құрайтын 15 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Биыл олардың 6,4 млрд теңгелік бөлігі игеріліп, 4 нысан пайдалануға берілмек. Қалған 11 нысанның құрылысы жоспарға сәйкес 2026 жылға өтпелі.

Атап айтсақ: 

    •    Тараз қаласы – 1 нысан, өтпелі (жеңіл атлетика манежі).
    •    Байзақ ауданы – 1 нысан, биыл тапсырылмақ (Сарыкемер).
    •    Жамбыл ауданы – 1 нысан, өтпелі (Тастөбе).
    •    Жуалы ауданы – 3 нысан: биыл – Қарасаз, өтпелі – Нұрлыкент, Көлтоған.
    •    Қордай ауданы – 1 нысан, өтпелі (Үлкен Сұлутөр).
    •    Меркі ауданы – 1 нысан, өтпелі (Сарымолдаев).
    •    Мойынқұм ауданы – 2 нысан: биыл – Айдарлы, өтпелі – Бірлік стадионы.
    •    Сарысу ауданы – 1 нысан, өтпелі (Жаңатас).
    •    Т.Рысқұлов ауданы – 1 нысан, өтпелі (Құлан, Арай алқабы).
    •    Талас ауданы – 1 нысан, биыл тапсырылмақ (Бостандық).
    •    Шу ауданы – 2 нысан, өтпелі (Жаңажол, Шоқпар).

Мамандардың айтуынша, жаңа спорт нысандары өңірде бұқаралық спортты дамытуға, жастарды салауатты өмір салтына тартуға және аймақтық жарыстардың деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар