Жамбыл облысында есірткі саудасына қатысты күдікті қамауға алынды
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 желтоқсан, 2025
- 96
Жамбыл облысында аса ірі көлемде есірткі таратты деген күдікпен азамат ұсталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тараз қаласында полиция қызметкерлері 39 жастағы әйелдің заңсыз есірткі саудасына қатысы бар әрекетін анықтады. Тергеу деректеріне сәйкес, ол интернет-мессенджерлер арқылы белгісіз кураторлардың нұсқауын орындап, қала аумағындағы шағын аудандарда синтетикалық есірткі заттарын жасырын жерлерге орналастырып отырған.
Күдікті бастапқы кезеңде атқарған жұмысы үшін ақшалай сыйақыны банк шоты арқылы алғанын, кейін бұл қаражаттың қолма-қол ақшаға айналдырылғанын айтқан. Алайда уақыт өте келе ол ақша алудан бас тартып, сыйақыны психоактивті заттар түрінде қабылдай бастаған.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде жеке тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған 80 орама табылды. Сондай-ақ оның тұрғылықты мекенжайынан осындай заттары бар қосымша орамдар тәркіленді. Алдын ала мәлімет бойынша, алынған альфа-PVP есірткі затының жалпы салмағы 24,93 граммды құраған.
Аталған факті бойынша аса ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұқсас жаңалықтар
Сарыкемерде жаңа жыл қарсаңында пәтер кілттері табысталды
- авторБақытжан Бекболат
- 26 желтоқсан, 2025
Шетел азаматы Қазақстанға атқа мініп темекі тасыған
- авторМағжан Орынбасар
- 26 желтоқсан, 2025






