Жамбыл жаңалықтар
Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шараларына өзгеріс енгізу туралы
- авторjambylinfo.kz
- 28 қазан, 2020
- 1.0k
Жамбыл облысының аумағында карантиндік шектеу шараларына өзгеріс енгізу туралы
Жамбыл облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жамбыл облысы тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның одан әрі таралуынан болдырмау мақсатында (2020 жылғы 27 қазандағы №39) ҚАУЛЫ ЕТТІ:
- Облыс тұрғындары медициналық немесе матадан тігілген маскаларды қоғамдық орындарда, халықтың келуіне/қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй-жайларда, қоғамдық көлікте киюге міндетті.
- әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруға;
- қоғамдық көліктің, қала маңындағы жолаушылар поездары/электричка қозғалысының, қалааралық, облысішілік автобус, шағын автобус тасымалдарының біркелкі қозғалыс кестесімен, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысына; маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлар қызметіне;
- толтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің қызметіне;
- толтырылуын 30%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне;
- толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. сақтай отырып, мал базарларының қызметіне;
- ашық ауада және үй-жайда орналасқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінің жұмыс режимін сағат 06.00-ден 23.00-ге дейін шектей отырып, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық және т.б. адамдар көп жиналуы мүмкін іс-шаралар өткізілмей, көрші үстелдердің шеткі орындары арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, бір уақыттағы келушілердің отырғызу орындарының санына сәйкес болуымен, залда 50-ден аспайтын отырғызу орындарын орната отырып шектеуді, жеткізумен жұмысқа;
- Уақытша қағидаларға сәйкес тамақ жеткізуді жүзеге асыратын қоғамдық тамақтану ұйымдарының қызметіне;
- халыққа байланыссыз қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және басқалар) қызметіне;
- мәдениет объектілерінің (30 адамнан аспайтын жеке, топтық дайындықтар), кітапханалардың, музейлердің қызметіне;
- кинотеатрлар қызметіне рұқсат беруді (толтырылуы 30%-дан аспайды, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтау және ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтау);
- сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін болатын, контингенті 5-тен 180 адамға дейінгі мектептердің; сыныптардың жинақталуы 15 баладан аспаған кезде, ата-аналарының өтініші бойынша мектепалды, 1-4-сыныптардың білім алушыларына арналған білім беру ұйымдарындағы кезекші сыныптардың жұмыс істеуіне;
- арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне;
- топты 15 адамнан асырмай жинақтаған, алдын ала жазылу бойынша балалар кабинеттерінің/түзету орталықтарының, балалар мен ересектердің білім беру орталықтарының қызметіне;
- маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға;
- бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз еткен, алдын ала жазылу бойынша сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметіне;
- толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 4 ш.м. қамтамасыз етіп, моншалардың, сауналардың қызметіне;
- алдын ала жазылу бойынша, толтырылуын 50%-дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш.м. қамтамасыз етіп, спорт объектілерінің қызметіне (фитнес-орталықтар, тренажер және спорт залдары, спорттық мен спорттық-сауықтыру орталықтары, спорт кешендері, жабық және жартылай жабық спорт ғимараттары);
- белгіленген талаптарды сақтай отырып және ұжымдық іс-шаралар өткізбей, діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогалар және т.б.) қызметіне;
- мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат беріледі. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болғанда);
- ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптары сақталған жағдайда.
- ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері жабық азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, 2000 және одан да көп ш.м. көлемімен сауда объектілерінің жұмысына;
- ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне, «LOTO club» ЖШС лотереясының өткізілуіне;
- қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға; фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне; кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне (Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтардың жинақталуы сақталған жағдайда).
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала






