Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді
- авторjambylinfo.kz
- 28 қыркүйек, 2021
- 471
Жамбылда жарылыстан зардап шеккен 75 нысан қайтадан қалпына келтірілді
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жексенбі күні Байзақ ауданындағы қалпына келтіру жұмысымен танысты. Алдымен Қайнар ауылында болған аймақ басшысы жөндеу-құрылыс шараларының сапалы әрі мерзімінде орындалуына баса назар аударды
Аудандағы төтенше жағдай кезінде зардап шеккен нысандарды тексеру және қалпына келтіру үшін 5 жұмыс тобы құрылып, оның құрамына құрылыс басқармасының, аудан әкімдігінің, Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми зерттеу институтының, жобалау ұйымдарының қызметкерлері және төтенше жағдай қызметкерлері енген. Аталған жұмыс топтары Байзақтағы Қайнар, Үшбұлақ, Жібек жолы, Төрекелді, Базарбай, Көкбастау ауылдарындағы барлық үйді зерделеп, 159 тұрғын үй, 12 коммерциялық, 4 әлеуметтік нысанның зардап шеккені анықталды. Оның ішінде 35 үй мен 12 коммерциялық, 1 әлеуметтік нысанға және 1 ауылішілік жолға айтарлықтай елеулі зардап келгендіктен, мемлекет есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шешім қабылданған.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті
- авторМағжан Орынбасар
- 30 қаңтар, 2026
Жамбыл жаңалықтар
Жуалыда жаңа спорт кешені пайдалануға берілді
- авторБақытжан Бекболат
- 30 қаңтар, 2026






