дүйсенбі, 8 желтоқсан, 2025 21:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда жыл басынан бері мемлекетке қанша жер қайтарылды

Жамбылда жыл басынан бері мемлекетке қанша жер қайтарылды
Фото - ашық дереккөз
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 61 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылған

Жамбыл облысы әкімдігінің жер қатынастары басқармасының басшысы Данияр Утепов биыл облыста қанша жер қайтарылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оның сөзінше, пайдаланбай жатқан және ҚР заңнамасын бұза отырып берілген ауылшаруашылығы мақсатындағы жерді жыл соңына дейін мемлекет меншігіне қайтару туралы тапсырма берілген. Облыс бойынша жоспар 90,0 мың га болып бекітілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні 61 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

  - Бүгінгі күнге Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Сарысу және Шу аудандарында конкурс жүргізіліп 14,2 мың га жер ауыл шаруашылығы айналымына қайта енгізілді. Ауылдағы елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жайылымдарды кеңейту мақсатында бос жатқан 403,5 мың гектар жайылым жер таңдалып, аудандық мәслихаттарымен 161,1 мың гектар бекітілді, 242,4 мың гектар жайылым алқабына жерге орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырмасына сәйкес қосылған жерлерді жергілікті маслихат шешімдерімен бекіту қажет. Аталған тапсырманы 2026 жылдың маусым айында аяқтауды аудан әкімдеріне тапсырылды, - деді ол.

ҚР «Жайылымдар туралы» Заң талаптарын жүзеге асыру мақсатында, облыстың барлық аудандарында жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың бірлескен шешімдерімен жайылымдарды пайдалану Жоспары мен Схемасы қайтадан 5 жыл мерзімге бекіту жүргізілуде.

       -  Қазіргі уақытта 9 ауданда Меркі, Жамбыл, Талас, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу, Қордай аудандарында бекітілді. Байзақ ауданында жайылым пайдалану схемалары жасалынып, аяқталуда. Кәсіпкерлік мақсатта жерлерге сұранысты қанағаттандыру бойынша жоспар бойынша 160 учаске шығарылуы керек, 9 ай қортындысымен 117 учаске шығарылып, 382,2 млн теңгеге бағаланып сатылды, - деді басқарма басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында сот шешімімен мақсаты бойынша пайдаланылмаған 50 гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылғаны жария болған. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлімдеген.

- Облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеке кәсіпкерінден жер учаскесін мәжбүрлеп алуға қатысты азаматтық іс қаралды. "Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы қаулысына сәйкес, жауапкерге шаруа қожалығын жүргізу үшін жалпы ауданы 50 гектар жер учаскесі берілген. Алайда 2024 жылдың сәуір айында жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында жайылымға арналған жердің мақсатына сай пайдаланылмағаны анықталды. Тексеру нәтижесі бойынша кәсіпкерге бір жыл мерзім ішінде жер заңнамасының талаптарын орындау туралы нұсқама берілген. Алайда көрсетілген мерзім өткеніне қарамастан, заң бұзушылықтар жойылмаған. Осыған байланысты жер ресурстарын басқару департаменті жер учаскесін мәжбүрлеп алу туралы талаппен сотқа жүгінген. Сот отырысында жауапкер қаржылық мүмкіндіктің болмауына байланысты жерді пайдалана алмағанын және 2026 жылдың көктемінде оны игеру ниеті бар екенін мәлімдеді. Сот ұсынылған материалдарды зерделей келе, нұсқамада көрсетілген мерзімнің өтіп кеткенін және талаптардың орындалмағанын анықтады. Сот жер заңнамасы нормаларын басшылыққа ала отырып, департамент талабын қанағаттандырып, жауапкерден мемлекеттік бажды өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар