жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:44

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

18 жастағы студент есірткі таратқаны үшін 6 жылға сотталды

18 жастағы студент есірткі таратқаны үшін 6 жылға сотталды
Фото: Polisia.kz
Заңсыз айналымнан барлығы 240 келіге жуық есірткі тәркіленген. Оның 110 келіден астамы синтетикалық заттар.

18 жастағы студент психотроптық заттарды таратқаны үшін 6 жылға сотталды, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz cілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде көлік полицейлері психотроптық заттарды заңсыз таратты деген күдікпен Павлодар облысының 18 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады.

Тексеру барысында оның қалалық колледждердің бірінде оқитыны және жеңіл табыс табу мақсатында есірткі заттарын таратумен айналысуға келісім бергені белгілі болды.

Оның рөлі – тыйым салынған затты алып, Павлодар қаласы аумағындағы арнайы орындарға жасырып кету болған.

Мессенджер арқылы нұсқау берген куратордың тапсырмасына сәйкес, ол келісілген жерден жалпы салмағы 8,7 грамм болатын альфа-PVP психотроптық затының 21 дозасы салынған түйіншекті алып, теміржол вокзалына бет алған.

Алайда дәл осы жерде оны желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұстап үлгерді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Нәтижесінде, Павлодар қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты күдіктіні 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Бұл оқиға – жеңіл табысқа жетудің иллюзиясына алданып, жастардың болашағын қалай құртып алатынының айқын дәлелі. Бір ғана ойланбай жасалған қадам – алда темір тордың ар жағында өтетін жылдарға әкеп соқты.

Көлік полицейлері жастарды заңсыз есірткі айналымына қатысты ұсыныстарға ермеуге шақырады. Мұндай схемаға қатысқандарға қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Айта кетейік, биылғы жылдың алты айында көлік полицейлері 200-ден астам есірткіге қатысты заң бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 31 өткізу фактісі, 12 аса ірі мөлшерде сақтау және 5 контрабанда дерегі тіркелген.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар