Жаңалықтар
Президент Алакөлдегі жағдайға байланысты Үкіметке тапсырма берді
- авторСадуақас Айсұлу
- 10 шілде, 2025
- 657
Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі - баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың дайындық деңгейін сынға алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz президенттің баспасөз хатшысына ruslanzheldibay сілтеме жасап.
Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың хабарлауынша, мемлекет басшысы халықтан келіп түскен көптеген шағымға байланысты Алакөл маңындағы әйгілі туристік аймақтың демалушыларды қарсы алуға дайындығы төмен екеніне үкіметтің назарын аударды.
"Атап айтқанда, қажетті туристік инфрақұрылым, қызмет көрсету мен қауіпсіздік лайықты деңгейде қамтамасыз етілмеген.
Үкіметке қысқа мерзім ішінде елдегі барлық туристік бағыттың жағдайын ретке келтіріп, олқылық жіберген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартуды тапсырды", - деп жазды Руслан Желдібай.





