Жаңалықтар
26 шілдеге арналған ауа райы: елдің басым бөлігінде жаңбыр, оңтүстікте аптап ыстық
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025
- 490
Бүгін Қазақстанның көптеген өңірінде найзағайлы жаңбыр жауады. Батыс және солтүстік-батыста жауын күшейіп, кей жерлерде бұршақ түсуі ықтимал.
Қазгидромет хабарлауынша, елдің оңтүстік және шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей өңірлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл көтерілуі мүмкін.
Астана: күн бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз +26…+28°C, желдің жылдамдығы түнде 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы: күн ала бұлтты. Ауа температурасы +36…+38°C. Жел түнде 3-8 м/с, күндіз 13 м/с шамасында.
Шымкент: аптап ыстық сақталады. Күндіз ауа температурасы +38…+40°C. Жел түнде 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.
Келесі мақала





