жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:58

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жоғалған тікұшақтың бөлшектері Сорбұлақ көлінен табылды

Жоғалған тікұшақтың бөлшектері Сорбұлақ көлінен табылды
ТЖМ
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі Отар елді мекені маңында байланыс үзіліп қалған Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі тікұшаққа қатысты жағдайдың мән-жайын анықтау мақсатында тәулік бойы іздестіру-құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Министрліктің Командалық басқару орталығындағы Оперативтік штабтың ғарыштық мониторингі нәтижесінде Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясында май тәрізді із байқалған. Аталған аумаққа ТЖМ құтқарушылары шұғыл түрде жөнелтілді. Түнгі уақытқа қарамастан, іздестіру жұмыстары тоқтатылмады.

Көлді тексеру кезінде Әуе қорғанысы күштеріне тиесілі болуы мүмкін әуе көлігінің фрагменттері табылды.

Қазір оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп жатыр. Арнайы құралдар – эхолоттар, ұшқышсыз ұшу аппараттары және суасты дрондары пайдаланылуда.

Іздестіру-құтқару операциясына 200-ге жуық жеке құрам, 40 техника, 15 су көлігі, 4 кинологиялық топ және ТЖМ-нің 2 әуе кемесі жұмылдырылды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар