Ақмола облысында ұлы әкесін пышақтап кеткен
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 5 қарашада Көкшетау қаласының полиция басқармасына жедел медициналық жәрдем станциясы диспетчерінен қабылдау бөлімшесіне Көкшетау қаласының тұрғыны пышақ жарақатымен жеткізілгені туралы телефон хабарламасы түскен. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды.
Оқиға орнына дереу келген полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол жәбірленушінің уақытша жұмыс істемейтін 21 жастағы ұлы болып шықты. Оның денсаулығына байланысты бұрын психиатриялық есепте болғаны белгілі болды.
Полиция басқармасы осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – делінген полиция хабарламасында.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сараптама тағайындалды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Докторанттар 500 мың теңге шәкіртақы алады
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Биыл Астанада 800-ден астам экологиялық шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 желтоқсан, 2025




