Alma Fest: Алматыда мерекелік фестивальге 100 тонна алма жеткізіледі
- авторСадуақас Айсұлу
- 19 қыркүйек, 2025
- 359
Фестиваль аясында алма бақтарынан 100 тоннадай алма жеткізіледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында сахнада танымал әрі аңызға айналған өнер жұлдыздары мен заманауи әртістер өнер көрсетеді. Олардың қатарында "Дос-Мұқасан", Карина Абдуллина, Turar, Astra және Royals Band секілді танымал орындаушылар бар.
Дәстүрлі жәрмеңке алаңында 100 тоннадан астам алма ұсынылады. Олардың арасында аты әйгілі апорт сорты мен сирек кездесетін түрлері де болады.
Балаларға арналған арнайы аймақта батуттар, түрлі ойындар, шығармашылық сабақтар мен шатырлы цирктің қойылымдары өтеді. Ал крафт-жәрмеңкеде табиғи өнімдер мен қолдан дайындалған тағамдар ұсынылады.
Қаладағы үздік шығармашылық топтар театрландырылған көріністер қойып, этно стиліндегі шеберлік сабақтарын өткізеді. Сонымен қатар виртуалды аймақтар мен отбасылық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылады.
"Alma Fest – бұл мәдени мұра мен қазіргі заманғы қалалық өмір ырғағын ұштастыра отырып, шығармашылық, шабыт пен отбасылық демалысқа арналған бірегей алаң", – делінген әкімдіктің хабарламасында.
Негізгі бағдарламалар 21 қыркүйек күні таңғы 10:00-де басталып, кешкі 21:00-ге дейін жалғасады.





