жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған

Жамбыл облысында 198 заңсыз қоқыс орны анықталған
Фото: Жамбыл облысы прокуратура
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ел аумағындағы заңсыз қоқыс полигондары жүйелі түрде жойылуда.

 Мәселен, Жамбыл облысында осындай 198 рұқсатсыз қоқыс төгілген орын анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап 

Облыстық Экология департаментінің мамандары бүгінгі күні Жамбыл ауданына арнайы барып, Жамбыл және Шәкен Ниязбеков ауылдарының аумағын тексеріп шықты. Нәтижесінде бұл елді мекендерде 39 заңсыз қоқыс орны тіркелді.

Бұған дейін Аса мен Қаракемер ауылдық округтерінде де тұрмыстық қалдықтар уақытылы тазаланбағаны белгілі болған. Осындай кемшіліктердің алдын алу мақсатында аймақтағы 21 ауылдық округтің әкімдігіне әкімшілік айыппұл салынған.

Ермек Құралбаев, Экология департаментінің бақылау бөлімінің басшысы:

Анықталған кездейсоқ қоқыс үйінділерін уақытылы жинамағаны үшін департаментпен жалпы әкімдік, ауылдық округ аппараттарына жалпы 4 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Қазіргі таңда қоқыс үйінділерінде тазарту жұмыстары жалғасуда.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар