Жаңалықтар
Қарқаралыда адамдарға шапқан қасқыр асыранды болып шықты
- авторjambylinfo.kz
- 25 желтоқсан, 2023
- 512
Қарқаралыда адамдарға шапқан қасқыр асыранды болып шықты
Қарағанды облысының Қарқаралы ауылында жұртты әбігерге салған қасқыр асыранды болып шықты. Бұл туралы «Вечерний Караганда» басылымы хабарлады.
Сараптама қорытындысы қасқырда құтырма ауруының жоқтығын көрсетіп, мойнында қарғыбауға тән белгілер болғанын анықтады. Сондықтан жыртқыш бұралқы иттермен жүрген, бірақ оны полицейлер атып тастады. Әзірге қасқырдың қайдан қашып кеткені белгісіз.
Еске сала кетсек, облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қарқаралыда медициналық мекемеге жыртқыш тістеп, әртүрлі дәрежеде жарақат алған 3 адамның келгенін растаған болатын.
Бір әйелді бірнеше жерінен тістеп алған, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді.Барлық жарасы емделді, құтыруға қарсы екпе алды және амбулаторлық емделуге шығарылды», - делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Қазақстандағы базарларды жаңарту керек – министр
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Әскери қызметшілер 103 жасқа толған соғыс ардагерін арнайы құттықтады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ТЖМ құтқарушылары жол апаты кезінде Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 желтоқсан, 2025






