Жаңалықтар
Асланбек Шымбергенов пен Бегәділ Шәймерденовке ат мінгізді
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2023
- 499
Асланбек Шымбергенов пен Бегәділ Шәймерденовке ат мінгізді
Өңірімізде ересектер арасындағы көкпардан – Қазақстан Республикасының ХХIІ чемпионаты өтуде.
Чемпионаттың ресми ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек қатысып, шабандоздарға сәттілік тіледі.
«Ұлттық ат спорт ойындары халқымыздың баға жетпес байлығы, ұлттық құндылығы, ұрпағымыздың жоғалмас бойтұмары. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен бүгінде ат спорты ойындары қарышты қадамдармен дамып келеді. Жылқының қадірін білетін дана халқымыз «Ат- ердің қанаты» деп қастерлеген. Бүгінгі өткізіліп отырған жарыс осының айғағы.» деді ол.
Бұдан кейін Қанатбек Қайшыбекұлы Қытай Халық Республикасының Хуанжоу қаласында өткен Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары, Әулиеата жерінің спорт майталмандары Асланбек Шымбергенов пен Бекәділ Шаймерденовке және олардың жеке бапкерлері Ермек Ертаев пен Рахымжан Қожатаевқа демеушілердің қолдауымен ат мінгізді.
Әрі қарай, Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт қауымдастығының Вице-Президенті, бас хатшысы Тастанбек Есентаев сөйледі. Ол бүгінгі ат спорты ойынына қатысушы шабандоздарға жеңіс тілеп, ат құлағында ойнаған азаматтардың ерлігін ерекше бағалайтынын жеткізді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






