жұма, 19 желтоқсан, 2025 19:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті

Астанада «Magistral Awards» марапаттау рәсімі өтті
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Іс-шара теміржол, авиация және автомобиль көлігі салаларының, сондай-ақ көлік-логистикалық орталықтар мен ұйымдардың өкілдерін біріктірді.

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов Астанада өткен көлік және логистика саласындағы Еуразиялық «Magistral Awards» марапаттау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Вице-министр өз сөзінде көлік пен логистиканы дамыту елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етіп, аумақтық байланысты нығайтады және халықаралық сауда-экономикалық қатынасты кеңейтуге үлкен мүмкіндік беретінін атап өтті.

Іс-шара барысында Еуразияның көлік каркасын дамыту, кәсіби шеберлік пен салалық басқару, үздік салалық жобалар, цифрлық логистика, кадрлық әлеуетті дамыту, көлік ғылымы мен білім беру бағыттары бойынша елеулі жобаларды жүзеге асырып, көлік қызметтерінің сапасын арттырған компаниялар мен мамандар марапатталды.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі көлік саласын дамытуға бағытталған бастамаларды қолдауды жалғастырады.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар