жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарып қалды

Астанада полицейлер батпаққа батып қалған әйелді құтқарып қалды
Фото: polisia.kz
Полицейлер оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, қызды лайдан шығарып алған соң дәрігерлерге тапсырды.

  Астана полициясына жергілікті тұрғын жүгінді. Ол өзінің 33 жастағы әпкесі жоғалып кеткенін айтқан. Оның сөзінше, әпкесі танысымен бірге қала сыртында демалуға кеткен және бір тәуліктен бері үйіне оралмаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Жоғалған әйелді іздеу бойынша бағдар барша полиция бөлімшелеріне дереу жолданды.

Анықталғандай, таза ауада демалып отырған сәтте әйел танысымен сөзге келіп, сол жерден жаяу кетіп қалған. Кейін, түнгі 11-ден кейін оның телефоны сөндірулі болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Астана қаласы полиция департаментінің қызметкерлері мен Ақмола облысы ТЖД мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде, бір тәуліктен соң жоғалған әйел табылды. Ол беліне дейін батпаққа батып қалған.

Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында жоғалған әйел тірі және дін аман табылды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар