жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлайды

Бүгін қай өңірде ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto.com
Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді

  3 тамыз күні еліміздің бірнеше қаласында ауа сапасына әсер ететін қолайсыз метеожағдайлар болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Атап айтқанда, Ақтөбе мен Орал қалаларында, сондай-ақ түнгі уақытта Атырауда атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін метеожағдайлар қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – атмосферада зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді табиғи құбылыстар (тыныш ауа, әлсіз жел, тұман, температуралық инверсия және т.б.). Мұндай жағдайлар елді мекендерде ауаның ластану деңгейінің артуына әкеліп, адам денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Мамандар бұл күндері көшеде ұзақ уақыт жүрмеуге, физикалық белсенділікті шектеуге және тыныс алу жүйесі әлсіз адамдарға сақ болуға кеңес береді.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар