жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді

Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжанов рақымшылыққа ілінді
Жоғарғы сот
Степногорск қалалық соты Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс бойынша сотталған Бақытжан Байжановтың рақымшылыққа ілігу туралы өтінішін қарады.

Сот отырысында колония өкілі Байжановтың тәртібі жақсы екенін және оның екі марапатқа ие болғанын атап өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Сотталушының өзі де сөз сөйлеп, ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай қабылданған рақымшылық туралы заңды қолдануды және жаза мерзімін үштен бір бөлікке қысқартуды сұрады.

Прокурордың мәліметінше, Байжанов негізгі жазасының 1 жыл 11 айын өтеген. Қалған жаза мерзімі – 2 жыл және 24 күн.

Кеңесу бөлмесінен шыққан соң, судья Бауржан Ақыжев сот қаулысын жария етті. Оның шешімімен, рақымшылық аясында Байжановтың жаза мерзімі 8 ай 8 күнге қысқартылып, қалған өтелуі тиіс мерзім 1 жыл 4 ай 17 күн деп белгіленді.

Осылайша, Байжанов жазасын 2027 жылдың 18 шілдесіне дейін өтейтін болды.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар