жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

16 миллион қазақстандықтың деректерінің таралу оқиғасына қатысты тергеу жүргізілуде

16 миллион қазақстандықтың деректерінің таралу оқиғасына қатысты тергеу жүргізілуде
ашық дереккөз
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) ел азаматтарының жеке деректерінің жаппай таралуына байланысты қылмыстық істі тергеуді қолға алды.

Анықталғандай, қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «Ақпаратқа заңсыз қол жеткізу», яғни 208 баптың 2 бөлігі бойынша тіркелген. Бұл бап ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты. Аталған құқықбұзушылық үшін ең жоғарғы екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бұған дейін, 16 маусымда,  Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы 16 миллионнан астам адамның деректері ашық таралып кеткенін растады. Аталған деректердің ішінде азаматтардың толық аты-жөні, ЖСН, туған күндері, мекенжайлары мен телефон нөмірлері (мобильді, үй және жұмыс) бар.

Алғашқыда тергеу Қылмыстық кодекстің 147-бабы «Жеке өмірге қол сұғылмаушылықты және жеке деректерді қорғау туралы заңнаманы бұзу» бойынша басталған еді. Кейін іс Ішкі істер министрлігіне, одан соң Ұлттық қауіпсіздік комитетіне тапсырылды.

Таралған ақпараттар 2024 жылғы 1 мамырға дейінгі өзектілігі бар деректерді қамтиды. Цифрлық даму министрлігі ішкі қызметтік тексеріс басталғанын мәлімдеді. Әділет вице-министрінің айтуынша, егер деректер желіге тарап кетсе жеке куәлік пен ЖСН-ді қайта рәсімдеу де алаяқтықтан толықтай қорғай алмайды.

Бұған дейін Премьер-министр дереккөз медициналық мекемелер болуы мүмкін екенін айтқан. Алайда, ІІМ тарапы әзірге бұл нұсқаны ресми түрде растамады.

Тергеу амалдары жалғасуда.

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар