жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Павлодар тұрғыны екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен

Павлодар тұрғыны екі баласын терезеден лақтырып, артынан өзі де секіріп кеткен
ашық дереккөз
Павлодарда әйел адам екі баласын бесінші қабаттың терезесінен лақтырып, кейін өзі де секіріп кеткен.

Қоңырау 30 шілде күні сағат 13:00-де аулада өтіп бара жатқан куәгерден түскен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz-ке сілтеме жасап. 

«Нұрмағамбетов көшесіндегі үйлердің бірінде әйел бесінші қабаттан екі баласын лақтырып, артынша өзі де секіріп кеткен. Жоғары жеделдік санаты бойынша оқиға орнына үш жедел жәрдем бригадасы жіберілді, олар алты минутта жетті», – делінген хабарламада.

Әйел мен балалардың жағдайы ауыр деп бағалануда. Балалар облыстық балалар ауруханасына, ал аналары №1 қалалық ауруханаға жеткізілген.

 

Арайлы Жақсылық
Автор

Арайлы Жақсылық

Арайлы Жақсылық

Ұқсас жаңалықтар