Жаңалықтар
Әдемі көлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге арналған жаңа қызмет іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:22
- 68
Енді азаматтар өтінімді үйден шықпай-ақ рәсімдей алады.
«ЦОН» мобильді қосымшасында әдемі мемлекеттік көлік нөміріне онлайн тапсырыс беруге арналған жаңа қызмет іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
Жаңа қызметті пайдалану бірнеше минутты ғана алады. Қолданушы «ЦОН» мобильді қосымшасында қалаған нөмірі мен сериясын енгізеді, ал өңір өтінім берушінің тіркелген мекенжайына сәйкес автоматты түрде анықталады. Жүйе таңдалған нөмір комбинациясының бос немесе бос емес екенін бірден көрсетеді.
Егер таңдалған нөмір бос болса, азамат бірден төлем жасап, дайын мемлекеттік нөмірді алу үшін өзіне ыңғайлы бөлімшені таңдай алады. Ал нөмір бос болмаған жағдайда, жүйе бұл туралы хабарлап, басқа нұсқаны таңдауды ұсынады.





