Магнит арқылы есірткі тасымалдаған күдікті Павлодарда ұсталды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 16:45
- 58
Павлодарда есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу аясында облыстық прокуратура үйлестіруімен арнайы операция жүргізілді, – деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Операция барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері тыйым салынған заттардың ірі партиясын байланыссыз таратуға әрекет жасаған 32 жастағы азаматты ұстады. Күдікті бірнеше ай бойы полиция бақылауында болған. Ол тұрғын үй кіреберісінің маңында есірткі заттарын жасырған сәтте қолға түсті.
Тінту кезінде пәтерінен 150 грамнан асатын синтетикалық есірткі түйіншектері, таразылар, орау материалдары, қолғаптар және есірткі жасырылуға арналған 6 мың магнит тәркіленді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Ұсталған азаматтың айтуынша, ол синтетикалық есірткі заттарын маркетплейстер арқылы тапсырыс берген магниттер көмегімен металл заттарға бекітіп, жасырын орындардың фотосуреттері мен координаттарын интернет-дүкен кураторларына жіберген. Ал тұтынушылар сол дүкен арқылы есірткінің нақты орналасқан жерін білген.





