Меркі ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 16 тамыз, 2025
- 457
Меркі ауданында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Меркі ауданында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 844,3 шақырымды құрайды. Оның ішінде аудандық маңызы бар жолдардың 95 пайыздан астамы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.
2025 жылы аудан аумағындағы 24 көшенің 24,4 шақырымын жөндеуге 726,5 млн теңге бөлінді. Бүгінгі таңда Меркі ауылындағы Асқаров, Ахтамбердиев, Мусабекова көшелерінде, Интернациональная ауылындағы Новая, Бұлқышев, Арна көшелерінде және Андас батыр ауылындағы Қызыл Еңбек көшесінде жүргізілген асфальттау жұмыстарының 90 пайызы орындалған.
Сонымен қатар, 2026 жылға арналған жаңа жобалардың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу және сараптамадан өткізу жұмыстары басталды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз





