жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:11

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысында 6 айда 185 жер заңбұзушылық дерегі анықталды

Жамбыл облысында 6 айда 185 жер заңбұзушылық дерегі анықталды
Pixabay.com
Анықталған заңсыздықтар бойынша 38 жағдайда 6,4 млн теңге айыппұл салынып, қаражат толық көлемде мемлекет пайдасына өндірілді

Жамбыл облысында 6 айда 185 жер заңбұзушылық дерегі анықталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

2025 жылдың алғашқы жарты жылдығында Жамбыл облысы аумағында жер заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кешенді мемлекеттік бақылау шаралары жүргізілді.

Облыстық жер инспекциясының мәліметінше, есепті кезеңде жалпы көлемі 32,6 мың гектарды қамтыған 140 бақылау шарасы ұйымдастырылып, соның нәтижесінде 27,4 мың гектар жерге қатысты 185 заңбұзушылық дерегі анықталған.

Анықталған заңсыздықтар бойынша 38 жағдайда 6,4 млн теңге айыппұл салынып, қаражат толық көлемде мемлекет пайдасына өндірілді. Сонымен қатар, 56 дерекке ескерту жасалып, қалғанына нұсқамалар беріліп, оларды орындау мерзімі белгіленді.

Бұған қоса, қосымша экономикалық шаралар аясында 8,3 млн теңге көлемінде төлемдер есептелген. Оның ішінде пайдаланылмаған жерлер үшін қосымша салықтар, сот шешімдері негізіндегі төлемдер және жерді бүлдіруден келген залалды өтеу сомалары бар.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар жерді ұтымды пайдалану мен заңнаманың талаптарын сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Аяжан Дәулетбекқызы
Автор

Аяжан Дәулетбекқызы

Аяжан Дәулетбекқызы

Ұқсас жаңалықтар