Жаңалықтар
Мысырда алаяқтыққа қатысы бар қазақстандық азамат қолға түсті
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
- 534
Мысыр астанасы Каирде халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы ұсталды.
Оны Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының бастамасымен қылмыстық полиция қызметкерлері анықтап, Шымкент қаласына жеткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 2023 жылы бір топ адаммен алдын ала келісіп, жәбірленушілердің атына автокөлікке несие рәсімдеген. Кейін бұл көліктер үшінші тұлғаларға сатылған.
Аталған іс бойынша полицияға 105 азамат арызданған. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 1,5 миллиард теңгеден асады.






