Жаңалықтар
Шымкентте зергерлік бизнес атын жамылған қаржы пирамидасы анықталды
- авторАрайлы Жақсылық
- 25 шілде, 2025
- 508
Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, Шымкент қаласында өзін зергерлік бұйымдар сататын компания ретінде көрсеткен қаржы пирамидасы әшкереленді.
Тергеу барысында бұл қаржы схемасына мыңнан астам адамның тартылғаны белгілі болды. Келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңгеге жеткен.
Күдіктілер алаяқтық жолмен түскен табысқа 280 миллион теңгеге бағаланатын люкс үй мен автокөлік сатып алған. Қазіргі уақытта бұл мүлікке сот шешімімен бұғат қойылды.
Тінту кезінде 15 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақша мен жалпы құны 28 миллион теңгеден асатын 67 дана алтын бұйым тәркіленген.
Зардап шеккен азаматтардың көпшілігі несие алу үшін өз үйлері мен көліктерін кепілге қойған. Мәселен, бір зейнеткер әйел пәтерін кепілге қойып, 67 миллион теңгесін осы пирамидаға салғаны анықталған.
Күдіктілерге қатысты екі айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.






