Жаңалықтар
ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 18 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ
- авторjambylinfo.kz
- 27 қыркүйек, 2023
- 429
ҚР ПІБ МЕДИЦИНАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕКІ КҮНДЕ 18 КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ
ҚР ПІБ Медициналық орталығының тәжірибелі мамандары Жамбыл облысында екі күн бойы нейрохирургия, онкология, гинекология және басқа саласында консультациялар, презентациялар мен шеберлік сабақтар өткізіп, 18 күрделі операция жасады.
Өткізілген іс-шаралар барысында өзекті мәселелер талқыланып, пайдалы дағдылар айтылды, диагностика мен емдеудің жаңа әдістері талқыланды. Ұсынылған әдістердің кейбірі бұл аймақта бұған дейін қолданылмаған еді.
Еліміздік үздік нейрохирургтері Марат Саршаев пен Мынжылқы Бердіқожаев Тараз қалалық көпбейінді ауруханасында 40-дан астам пациенттерге кеңес беріп, операциялар жасады. Бұл жұмыс тәжірибесі Жамбыл өңірінде емдеудің жаңа заманауи әдістерін енгізуге елеулі үлес қосатыны сөзсіз. Қиын аурудан зардап шегіп келе жатқан пациенттердің ойламаған жерден үздік дәрігердің жоғары білікті медициналық көмегін алуы - жолдарының болғаны дейді облыс дәрігерлері.
Сондай-ақ, ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы және Жамбыл облысының әкімдігі арасында Өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарланып отыр.
«ҚР ПІБ Медициналық орталығының күндері» - Жамбыл облысындағы медицина сапасын арттыруға, өңірлік денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, халық үшін жоғары технологиялық медициналық қызметтердің қолжетімділігін жақсартуға бағытталған іс-шара.
Осыған дейін Медициналық орталықтың делегациясы Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстары және Шымкент қаласында болып қайтты. Осы форматтағы іс-шаралар биыл еліміздің басқа да өңірлерінде өз жалғасын табады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Облыс әкімі БАҚ өкілдерімен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






