Республикалық «Ұлттық кітап» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 18:15
- 8
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Ұлттық кітап күніне орай «Ұлттық кітап» республикалық байқауына өтінімдер қабылданып жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Байқаудың мақсаты – оқу мәдениетін қалыптастыру, үздік кітап авторын анықтап, қазақ әдебиеті мен руханият дамуына ықпал ету, аудармашыларды және баспагерлер мен кітап дизайнерлерін қолдау, ынталандыру.
Байқау 10 номинация бойынша өтеді:
1. Балаларға арналған үздік кітап;
2. Үздік комикс;
3. Нон-фикшн жанрындағы үздік кітап;
4. Детектив жанрындағы үздік кітап;
5. Сатира жанрындағы үздік кітап;
6. Үздік иллюстрациялық кітап;
7. Үздік аударма кітабы;
8. Фантастика жанрындағы үздік кітап;
9. Үздік баспа;
10. «Жыл кітабы» Гран-при сыйлығы.
Өтінімдер 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады





