сейсенбі, 17 наурыз, 2026 1:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қытайға сапалы отандық өнімдер экспорты ұлғаймақ

Қытайға сапалы отандық өнімдер экспорты ұлғаймақ
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд долларға жетті

Қазақстан Қытайға сапалы отандық өнімдер экспортын ұлғайтпақ. Бұл туралы ҚР Қытай Халық Республикасындағы Елшісі Шахрат Нұрышевтың ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Лин Цзимен кездесуі барысында айталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Сыртқы істер министрлігінің бапасөз қызметі таратқан мәліметтерге қарағанда, тараптар стратегиялық әріптестіктің жоғарғы деңгейін растап, өзара сауданың тұрақты оң динамикасын атап өтті: 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы рекордтық 48,7 млрд. долларға жетті.

Атап айтқанда, биыл өткізуге жоспарланып отырған ҚР – ҚХР Ынтымақтастық комитетінің сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі кіші комитетінің кезекті 14-ші отырысына сапалы дайындық мәселесіне, сондай-ақ «Қорғас» шекара маңы халықаралық ынтымақтастық орталығы аясындағы өзара іс-қимылдар мен инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастыққа ерекше назар бөлінді.

Ш.Нұрышев қазақ тарапының сапалы отандық өнімдерінің экспортын ұлғайтуға, өзара сауданы ынталандыра алатын бірлескен жобаларды дамытуға мүдделілігін, сондай-ақ «Қытайға экспорт» бастамасы аясындағы іс-шараларға белсенді қатысуға дайын екенін атап өтті.

Сонымен қатар тараптар биылға жоспарланған бірқатар бірлескен сауда-экономикалық іс-шаралар мен қол қоюға көзделген екіжақты құжаттардың дайындық мәселелерін талқылады.

 

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар