жұма, 19 желтоқсан, 2025 3:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тәуелсіздік күні: автокөлікке Ту ілген азаматтарға айыппұл салынбайды

Тәуелсіздік күні: автокөлікке Ту ілген азаматтарға айыппұл салынбайды
Фото: Polisia.kz
Қазақстанда "Заң және тәртіп" қағидасы түрлі жағдайлар мен азаматтық белсенділікке қарамастан, барлығына бірдей.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу барысында әлеуметтік желілерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын автокөліктерде пайдалану мәселесі кеңінен талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Атап айтқанда, ту ілген азаматтарды жол-патрульдік полиция қызметкерлері түрлі себептермен тоқтатқаны жөнінде ақпараттар жарияланды.

Мемлекеттік туды көлікке орналастырған азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, 16 желтоқсанда көлік жүргізушілері тек жол қозғалысы ережелерін бұзған жағдайда ғана тоқтатылған.

Мемлекеттік рәміздерді қолданудың заңмен белгіленген ережелері бар. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі олардың дұрыс қолдану тәртібін қадағалайды. Біз азаматтардың патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті сақтау, ел мен азаматтардың жетістіктерін насихаттау мақсатында мемлекеттік рәміздерді пайдалануды қолдаймыз, бірақ ол қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асуы тиіс.

ІІМ өкілінің айтуынша, жүргізушілер ту ілгені үшін емес жол ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

 





 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар