сәрсенбі, 4 ақпан, 2026 1:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті

Актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы дүниеден өтті
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, актер Балтабай Сейітмамытұлы өмірден өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады.

— Балтабай Сейітмамытұлы — саналы ғұмырын қазақ сахна өнеріне арнаған сирек болмысты тұлға еді. Ол Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер академиялық театры мен Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының алтын қорына айналған бейнелер галереясын қалыптастырып, классикалық және заманауи драматургияны терең философиялық оймен, биік актерлік мәдениетпен сомдай білді. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын! — делінген хабарламада.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар