сенбі, 14 наурыз, 2026 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды

Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды
Фото: ҚР СІМ
Жалпы алғанда Қазақстанға 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды.

Таяу Шығыс аймағынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау аяқталды. Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Жалпы алғанда елімізге 10 275 Қазақстан Республикасының азаматы қайтарылды.   Қазақстан азаматтарын эвакуациялау әртүрлі бағыттар арқылы, оның ішінде әуе және құрлық жолдарымен жүзеге асырылды.     Қазақстан Республикасының өңірдегі дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерлерде шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды үйлестіріп, отандастармен тұрақты байланыста болып, Қазақстан азаматтарына қажетті көмек көрсетті», - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтардың Отанына қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге көрсеткен қолдауы үшін мемлекеттік органдарға және шетелдік әріптестерге алғыс білдіреді.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар