"Тобыл" мен "Ақтөбе" матчы төбелеспен аяқталды
Оларды полиция қызметкерлері ажыратты, деп хабарлайды Экспресс К.
Әлеуметтік желіде тараған видеоға жігіттердің төбелесіп, былапыт сөздер айтып жатқаны түсіп қалған. Куәгерлердің айтуынша, төбелесті Ақтөбеден келген жанкүйерлер бастаған.
Ақтөбелік жанкүйерлердің бұлай наразылық танытуына Қостанайда өткен "Тобыл" және "Ақтөбе" футбол командалары арасындағы кездесу нәтижесі себеп болды. Бұл ойында "Тобыл" 1:0 есебімен жеңіске жеткен.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025





