Жаңалықтар
Жамбыл өңірінде алғаш рет жемқорлардан алынған қаражатқа мектеп құрылысы аяқталды
- авторjambylinfo.kz
- 26 желтоқсан, 2023
- 543
Жамбыл өңірінде алғаш рет жемқорлардан алынған қаражатқа мектеп құрылысы аяқталды
Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірініші орынбасары Д.Омаров мәлімдеді.
Шу ауданы, Төле би ауылындағы 300 орындық орта мектептің құрылысына 2021 жылы бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, келісім-шартқа сәйкес 2022 жылы аяқталуы тиіс болатын.
Алайда, мердігер мекеме тарапынан міндеттемелердің тиісінше орындалмауына байланысты мектеп құрылысы мерзімінде аяқталмай, созылмалы құрылыс нысанына айналған.
ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында жемқорлардан алынған қаражатты білім беру инфрақұрылымын қолдауға бағыттау туралы тапсырмасын орындау мақсатында департамент пен әкімдіктің бірлескен жұмыстары нәтижесінде 2023 жылдың 20 қараша күні мектеп құрылысы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Әскери қызметшілер 103 жасқа толған соғыс ардагерін арнайы құттықтады
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
ТЖМ құтқарушылары жол апаты кезінде Өзбекстан азаматтарына көмек көрсетті
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 27 желтоқсан, 2025






