Жаңалықтар
Жигули Дайрабаевқа қажетті қолды 3-4 күнде жинаймыз – «Ауыл» партиясы
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2022
- 522
Жигули Дайрабаевқа қажетті қолды 3-4 күнде жинаймыз – «Ауыл» партиясы
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рақымбеков ұйым атынан ҚР президенттігіне ұсынылған Жигули Дайрабаевты қолдау парақшаларын 3-4 күннің ішінде жинап тапсыра алатындарын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат .
«Кандидат Жигули Дайрабаевты қолдау парақшаларын қанша уақыттың ішінде жинап әкелуді жоспарлап отырсыздар?», деп сұрады БАҚ өкілі Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингіде.
Төлеутай Рақымбековтің айтуынша, заң талабына сәйкес қажетті қолды жинауға «Ауыл» партиясының әлеуеті толық жеткілікті.
«Қазір өңірлік филиалдардың өкілдері қол қоятын парақшаларды алып кетуге келеді. Менің ойымша, 3-4 күннің ішінде жинап бітіреміз деп ойлаймын. Естеріңізге сала кетейін, біздің партияның өзінде 300 мың мүше бар. Заңның талабы бойынша 118-119 мыңдай қол жинау керек», - деді ол.
Айта кетейік, бүгін Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» партиясынан президенттікке ұсынылған Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын талаптарға сай деген қорытынды шығарды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025





