Жаңалықтар
Жоғары білім министрлігі «далада түнеп жүрген» студенттерді іздестіріп жатыр
- авторjambylinfo.kz
- 9 қазан, 2022
- 469
Жоғары білім министрлігі «далада түнеп жүрген» студенттерді іздестіріп жатыр
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «далада түнеп жүрген» Алматы студенттерін іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Әлеуметтік желілерде Алматы студенттерінің «далада түнеп жүргені» жайлы видео тарап жатыр. Ғылым және жоғары білім министрлігі ролик авторларын/қатысушыларын ведомствоға хабарласуды сұрайды. Қажет болған жағдайда ол студенттерге көмек көрсетіледі.
Еске салайық, Алматы қаласында қиын жағдайға тап болған студенттерді баспанамен қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб жұмыс істейді. Студенттер тәулік бойы +7 778 655 60 83 номеріне хабарласа алады.
Онымен бір мезгілде, баспанадан заңсыз шығару немесе жалға беру құнын өсіру жағдай болса азаматтар тегін заңгерлік кеңес алу үшін Әділет министрлігінің 119 (қалалық телефон) колл-орталығына немесе 58-00-58 номеріне (Алматы, Астана қалалары үшін) хабарласа алады», - делінген министрлік хабарламасында.
Министрлік сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің 1450 Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейтінін еске салды.
«Еліміздегі барлық жоғары оқу орындарында Қоғамдық қабылдау кеңселері ашылған. Ол жерге студенттер, олардың ата-аналары мен оқытушылар жүгіне алады», - делінген ведомство ақпаратында.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовті қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 9 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Талас халық театры республикалық додада топ жарды
- авторБақытжан Бекболат
- 8 желтоқсан, 2025





