дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл ауданының прокурорлары мүмкіндігі шектеулі 12 адамның құқығын қорғаған

Жамбыл ауданының прокурорлары мүмкіндігі шектеулі 12 адамның құқығын қорғаған
Сурет ашық дереккөзден алынды
Олар сауықтыру кешендеріне бара алмай, жүріп-тұруларына керек құралдардан айырылған

Жамбыл ауданы прокуратурасы «Жамбыл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ-де  мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Дереккөзге сүйенсек, талдау барысында бөлім мүмкіндігі шектеулі азаматтарды санаторийлік-курорттық емдеумен және арнаулы жүріп-тұру құралдарымен толық қамтымағаны, сол арқылы 12 тұлғаны көзделген әлеуметтік көмекті пайдалану мүмкіндігінен айырғаны анықталды.

«Бұл ретте жеке бағдарламаға сәйкес оларды қамтамасыз ету жөніндегі міндет жергілікті атқарушы органға жүктелген. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша мүмкіндігі шектеулі тұлғалар толық көлемде әлеуметтік көмекті алды, кінәлі лауазымды тұлғалар заңмен көзделеген жауаркершілікке тартылды», - деп хабарлайды облыстық прокуратураның ресми сайты.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар