дүйсенбі, 20 мамыр, 2024 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жуалы ауданында Шерхан Мұртаза музейінің аумағы абаттандырылды

Жуалы ауданында Шерхан Мұртаза музейінің аумағы абаттандырылды
Сурет: jambylinfo.kz
Бүгін, 29 сәуір күні Жуалы ауданының Талапты ауылындағы Шерхан Мұртаза музейінде ауқымды сенбілік өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Шерхан Мұртаза көрнекті тұлға болып қалыптасқан кезінде де өзінің туған топырағынан қол үзген жоқ. Тоқсаныншы жылдардың орта шенінде Жуалы ауданына қарасты Талапты ауылынан арнайы үй салынып берген болатын. Талапты – жазушының туған ауылы. Екі қабатты, еңселі ғимарат қазіргі күні музейге айналған.

Акция аясында Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағына тазалық жұмыстары жүргізіліп,  әктеу, сырлау жұмыстары мен қатар, қураған ағаштар кесілді.

«Шерағаның шаңырағы – қазақ руханиятының құтты ордасы. Соны түсініп, бағалай білетін жастарға, аудан ақсақалдары мен басшылығына алғысым шексіз. Шерағаның шаңырағын ешқашан назардан тыс қалған емес»,- деді жазушының немере інісі Әлижан Мұртаза.

Қазақ әдебиетінің қызыл жебесі Шерхан Мұртазаның әдеби-мемориалдық музей-үйінің аумағына жүргізілген сенбілік жұмыстарына зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, аналар алқаларының мүшелері, жастар және белсенділер жұмылдырылды.

Жалпы, Жуалы ауданында тазалық акциясына 5000-нан аса адам қатысып, «Жасыл аймақ» апталығында 3000-ға жуық ағаш көшеттері егілді. Полигондарға 53 тонна қоқыс шығарылды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар